1-бөлім. Жаңа орта
Дженни таңғы 5:00 де Сеулдегi көше бойымен YG academy-тi iздей, картаға қарап келедi. Бұл өзi кiшкентай балалар секiлдi, сүйкiмдi, қылықты, түсiнiксiз сөйлейтiн бiр көргеннен өзiне қызықтырып, iлестiрiп кететiн, және өттеден де өткен құпия қыз.Бiрақ, жеткiлiктi мөлшерде бұзықтығы мен ақылсыз ақымақтығы бар. Жасы 19да,YG тыңдалымынан өтiп, ендi академияға келе жатыр. Ендi бұрынғыдай әуесқой әншi, рэпер емес, кәсiби маман болады.
Артында арқалап алған үлкендеу қара рюкзак, алдында оған байлап тұрып арқаланған кiшiрек рюкзак, қолында орташа чемоданы бар, көшенi кезiп келедi. Телефонындағы картаға қарап:
- Мына, УйДжи қайда өзi? - деп орнында тұрып бiр айналы ендi алдына қарағанда маңдайшасында үлкен шрифтпен "YG" деп жазылған ғимаратты көрдi.
- О, мында тұр екен ғой. Оны неге байқамадым? Бағанадан берi артымнан ерiп жүр ме, әлде мен айналып жүрдiм бе? - деп басын ұстай алға жүрiп бара жатып:
- Оу, ұмыттым! - деп қайтадан керi бұрыла қалып қалған чемоданын сүйретiп УайДжиге кiрiп кеттi.
Iшке кiрiп Ян Хен Сок директорға кеттi. Бұрын кастингке келгендiктен ғимаратты бiледi. Директор оны тренировка залына алып келдi. Мұнда Академия оқушылары бар.
- Ал, оқушылар сендердiң қатарларың тағы да бiреуге көбейедi. Ол "А" тобында болады. Таныса берiңдер - дедi де, телефонына соғылған қоңырауды қабылдай кетiп қалды.
Ал, рюкзактарымен әлi тұрған Дженни көзiн жұмып, ұйықтап кетейiн деп тұр. Қалғандары:
- Ол шынында трейни ме? - дегендей сыбырлап жатты.
Дженни: Айщ, мына рюкзактар иығымды табаныма түсiретiн секiлдi. Маған дереу таяқ берiңдершi, қазiр құлап қалатын сияқтымын. Мен қартайып барамын. Жасыма жетпей әлсiзбiн О, құдайым! - деп өлгеннiң кейiпiн сала, дәл тынысы тарылып дем жетпей жатқандарша сөйледi. Залдағылардың кейбiрi күлiп, кейбiрi оны түсiнбей жатты.
Сонда Джиен:
- Олай болса рюкзактарыңды шешсеңшi- дедi оны шынымен талып қалайын деп тұр екен деп ойлап.
- Шешейiн десем, құрғыр байланып қалған ғой. Мынаны шешсем, екiншiсi жiбермейдi, екiншiсiн шешсем мынау шешiлмейдi. Яғни, екеуiн бiр мезетте шешу керек.
- Ендi шешсейшi солай
- Соған әлiм келмей қартайып жатырмын ғой.
- Сен қартайып емес, алжып жатырсың, алжып - деп ашулана бастаған Джиен оның сөмкелерiн шешуге көмектестi.
- Мыналар жеп-жеңiл ғой. - деп рюкзактарды сiлкiген Джи
- Ендi?
- қалай ауырды?
- қалай болса солай - жерге отыра қалған Дженни.
Джи сөмкелердi тастай салды. Оқушылардың бiрi:
- Сен шынында ән айта аласың ба?
- Бiлмейм, жұрттар солай дейдi ғой
Джиен:
- Айтады, айтады. - дей қолын шапалақтап, келеке еткендей болды да шығып кеттi. Басқалары да тарады.
YG Academy -менiң қиялым бойынша, болашақ YG жұлдыздарын дайындайтын мектеп. Ән, би, рэп, актерлық шеберлiк барлығын оқытады, үйретедi. Оқушылар сабақтан тыс уақытта да дайындық жасай алады. Ғимараттың артқы бөлiгiнде жатахана бар. Ең үздiк оқушылар тегiн тұратын. Оқушылар топтарға бөлiнедi, және деңгейге. Курс секiлдi. Джиен 2 курстың "А" тобының лидерi, Дженни өзiнiң тобына келген соң көмектестi. Оқушыларға бiр жағдай болса, деңгейлерi төмендесе Лидер жауап бередi. Әрi лидерлер мен оқушылардың арасында бәсекелестiк бар дегендей. Бiр топта 10 оқушыдан болады. Джиен - 21де, мiнезi қаталдау, қамқор жалпы GD ғой болашақ.
Дженни келгенде мұнда 13ақ оқушы болды. Өздерi дайындалып жатқан болатын. Олар Дженнидiң немқұрайлы түрiне қарап жақсы оқушы ретiнде көрмедi. Алдағы уақытта өзi бақылайтын болғандықтан Джиен де оған алғаш үн қатты және, одан таланттылық күтпегендiктен өз тобына келгенiне шамданып қалды. Оның тобына үнемi талантсыз төмен оқушыларды беретiн, Ал Джиен өзi мен қатар оларды да дайындайтын. Ең үздiк оқушы, барлығы танитын, сымбатты.
Олар шығып кетiсiмен Дженни рюкзактың iшiнен жастық шығарды да, сол жерде соған жатып ұйықтап қалды.
Таңғы 7:09 қоңырау соғылып "Б" тобы Дженни жатқан залға алғашқы сабақтарына келе жатты. Ұйқыдағы Дженнидi топтың Лидерi Чимин түрте бастады.
- Ей, ей қыз. тұр. неге мұнда жатырсың?
Дженни ақырын көзiн ашып оның қолын қағып жiбердi. Чимин шошып кеттi. Дженни орнынан ақырын тұрып, жан-жағына қарады. Кейiн сағатына қарай:
- сағат 7 болыпты ғой. Сендер кiм?
Чимин:
- Сен кiмсiң?
Барлығы екеуiне қарап тұр.
Дженни:
- Жаңа оқушы. "А" тобындамын Бұл қай топ?
- Аа, тағы Джиенге есалаңдарды берген бе? - деп күлген Чимин. - Бұл "Б" тобы. Сендерде қазiр вокал басталады. 237 кабинет. - дедi Чим есiктi нұсқай.
Дженни:
- Рахмет. Бiрақ есалаң дегенiң дұрыс болмады. - оның сөзiне сәл шамданып қалды.
- Оны сен шешпейсiң. Бар сабағыңа - дей орнына бара жатты.
Дженни заттарын ала, есiктi тарс жауып шығып кеттi. Жолдағылардан сұрай жатаханаға барып, заттарын уақытша қойды. Дұрысталып өз кабинетiне келдi. Есiктi қағып:
- Кiруге бола ма? - деп жауап күтпей кабинеттiң iшiне кiрiп тұрды.
Мұғалiм Джиенға қарап:
- Ол неге кешiгiп жүр? 15 минут өттi емес пе?
Джиен орнынан тұрып:
- Ол жаңа оқушы, адасып қалса керек - дедi өтiрiк ақталып.
Дженни:
- Жоооқ, мен... - Джиен ол "Жоқ" дегеннен-ақ оған жаман қарап, ашулана ыммен "аузыңды жап" дегендей ишара көрсете бастады. Дженни оны көрiп:
- Адасып қалдым - дедi. Джиен сосын ғана тоқтады да, жаман-жаман көзбен қарады.
Мұғалiм:
- Отыр.
Дженни артқа барып отырды. Алдындағы қыз оған бұрылып:
- Сәлем, есiмiң кiм?
Дженни бiр жағынан жымиа қулық ойлап:
- Дженнифер - дедi. Сәл кiдiрiп қалған қыз:
- Мен Джису - дедi де алдына қарады.
Дженни сабақ бойы үндемедi, партаға басын қойып жатты да қойды. Қоңырау соғылғанда оның партасына Джиен келiп партаға кiтапты тарс еткiзiп қойды да:
- Ей, маубас атың кiм? - дедi әлi бұлданып жүрген қалпы. Дженни басын көтерiп, оған тiк қарап:
- Мәдениет. - дедi.
- Не? - деп түсiнбей қалған Джи. Джису оған жалт қарады.
