2 страница2 августа 2017, 05:34

1-бөлім

1. T Аллаһ - Оның (Аллаһ тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.

2.ُT Ар-Рахману - Аса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына тиесілі. Қамқоршы Аллаһ тағала мүмин-мұсылмандардың, сондай-ақ кәпірлердің өмірлік қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді. Сондай-ақ ол адам қаталдықтан арылады.

3ُ. T Ар-Рахиму - Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады. Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе қайғы-қасіреттен аман болады.

4.ُ T Әл-Мәлику - Патша, Ол T қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, ақшадан қысылмайды.

5.ُ T Әл-Қуддусу - Қасиетті, Өте пәк, кемшіліктерден пәк және адам баласының ойына келетін пішін келбеттен тыс.

6.ُ T Ас-Сәламу - Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса шипа табады.

7.ُ T Әл-Му:мину - Қорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді. Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды.

8.ُ T Әл-Мухаймину - Үстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді және бәрі де Оның иелігінде. Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады. Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рәкағат намаз оқып, 100 мәрте шынайы ықыласпен айтса Аллаһ тағала оны рухани тазартады.

9. T Әл-Азизу - Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды. Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап оқыса Аллаһ тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.

10.ُ T Әл-Жәббару - Аса өктем. Билік пен қуат Иесі. Нені қаласа соны кімге де болсын істете алады.

11.ُ T Әл-Мутакаббиру - Паң, ұлылық және биіктік Иесі. Кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе халық арасында құрметті болады.

12.ُ T Әл-Халиқу - Жаратушы. Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол T әр нәрсені көркем түрде жаратады.

13.ُ T Әл-Бариу - Жаратушы, жоқтан бар етуші. Жаратқан мақұлықтарына әр түрлі пішін және бейне береді. Аллаһ әрдайым жаратуда. Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап, «Әл-Бариу, Әл-Халиқу, Әл-Мусаууиру» деп 21 рет айтып суға дем салып ауызды сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Аллаһ тағалаға дұға етсе, иншааллаһ оған Жаратушы бір нәресте береді.

14.ُ T Әл-Мусаууиру - Келбет беруші. Өзінің қалауымен әрбір жаратқан нәрсесіне өзгеше келбет және әр түрлі пішін береді. Миллиардтаған келбет жаратқан Аллаһ тағалаға ешкім теңесе алмайды.

15.ُ T Әл-Ғаффару - Аса жарылқаушы. Күнә және жаман істерді кешіруші. Бұл дүниеде құлдарының жамандықтарын жасырып, қияметте күнәларын кешіріп, жарылқайды. Кім осы әдемі есімді жұма намаздан кейін 100 рет қайталаса оған Аллаһ тағала ғафу етеді. Ал кім екінті намазынан кейін «Иә Ғаффару ғфирли» деп айтып жүрсе, Аллаһ тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.

16.ُ T Әл-Қаһһару - Өте үстем, Қаһарлы. Өзіне қарсыларды қатты азаппен қорлайды, өлтіреді не болмаса көпшіліктің алдында беделін түсіреді. Оның жазасынан ешкім аман қалмайды. Дүние сәнін жақсы көретін пенде Алланың бұл есімін қайталап Оған мойынсұнып жүрсе Аллаһ тағала ол адамның иманын күшейтеді.

17.ُ T Әл-Уаһһабу - Өте жомарт, Береген. Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.

18.ُ T Ар-Раззақу - Ризық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады.

19.ُ T Әл-Фәттаху - Жақсылық жасаушы. Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп, жақсылық істейді. Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды. Кімде-кім өзінің оң қолын кеудесіне қойып Аллаһ тағаланың бұл әдемі атын таң намазынан кейін 70 рет қайталаса жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жәй табады.

20.ُ T Әл-Алиму - Бәрін білуші, Терең білім иесі. Ол T әр нәрсені толық біледі және де Ол T білмейтін ешнәрсе жоқ. Аллаһ тағала - білушілердің білушісі. Аллаһ тағала ғайыпты да, көмескіні де біледі. Кім бұл есімді атап, зікір етіп жүрсе Аллаһ тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.

21.ُ T Әл-Қабиду - Қысып алушы. Кімге қаласа ризығын береді, қаласа бермейді. Кім бұл есімді қайталап айтып жүрсе аш-зарыққан болмас.

22.ُ T Әл-Баситу - Жаюшы. Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.

23.ُ T Әл-Хãфиду - Түсіруші. Аллаһ тағала кәпірлерді тозақтың түбіне түсіреді және кәпірлерге қайғы, мұң-зар мен азап береді. Кім Аллаһ тағаланың бұл ғажайып есімін 500 мәрте зікір етсе Хақ Тағала оның дұғасына жауап береді.

24.ُ T Әр-Рафиу - Көтеруші, Биіктетуші. Өзіне жақын құлдардың беделін бұл дүниеде де, ахиретте де көтереді.

25.ُّ T Әл-Муиззу -Қуат беруші. Өзінің мүмин құлдарына мықты қуат береді. Олардың мойынсұнғандары үшін күнәларын кешіріп, жәннатта құрметті орын береді.

26.ُّ T Әл-Музиллу - Кемсітуші. Кәпірлерді мойынсұнбағандықтары үшін кемсітеді, оларға «азап үйін» - тозақты дайындайды.

27.ُ T Ас-Самиу - Әр нәрсені Есітуші. Әр естілетін дыбыс ғайып айтылса да Оның есітуінен тыс қалмайды. Ол T құпияның бәрін біледі. Оның ести алмайтын нәрсесі жоқ. Ол T барлық сыбыс, дыбысты естиді.

28.ُ T Әл-Басиру - Көруші. Ол T бәрін Көреген. Адам және басқа мақлұқтар көрмейтінін бәрін көреді. Оған көрінбейтін зат жоқ. Ол T ғайыпты да көреді.

29.ُ T Әл-Хакаму - Хәкім. Қазы, Төреші. Соттың үкімі Оның құзырында. Оның үкімі кесімді. Оны ешкім сынай алмайды және Алланың үкімдерін кемсітіп, жамандауға ешкімнің хақысы жоқ. Кім дәрет алып, осы есімді күніне 99 рет зікір етсе Аллаһ тағала оның жүрегін нұрландырады.

30.ُ T Әл-Ғадлу - Әділ, Адал. Ол T кімге болмасын, ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол T өз шешімдерінде әділ.

31.ُ T Әл-Ләтифу - Жұмсақ, зор кеңшілік Иесі. Өзінің құлдарына өте ілтипатты. Өз құлдарының істерін толық біледі және адамдардың мінездеріне жұмсақтық салады.

32. T Әл-Хабиру - Толық хабар алушы. Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол T ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Аллаһ тағала қанағатты етеді.

33.ُ T Әл-Халиму - Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ. Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.

34ُ T Әл-Ғазиму - Аса зор, кеңшілік Иесі, Мәртебелі, Ең Ұлы. Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ.

35.ُ T Әл-Ғафуру - Кешіруші, күнәларды кешуші. Кешірім сұраушыларды күнәлары үшін қолға алмайды, жаман істерін жақсы амалдарға ауыстырады.

36.ُ T Әш-Шәкуру - Шүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мәрхамет етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді.

37.ّ T Әл-Ғалиу - Өте биік, Жоғары, Мәртебелі. Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол T әр уақытта биіктікте.

38.ُ T Әл-Кабиру - Ұлық, Ең Ұлы, Абырой және мәрхамет иесі. Адамдардың ойлау, көру және сезу мүшелерінен тыс.

39.ُ T Әл-Хафизу - Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мәрхамет ету үшін жазып, сақтайды. Аллаһ тағала әлсіздердің жәрдемшісі.

40.ُ T Әл-Муқиту - Азық беруші. Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді. Даналықты және білімді жүректерге жеткізеді.

41.ُ T Әл-Хасибу - Есеп беруші, Жеткізуші. Өз құлдарының қажеттерін өтейді. Олардың бұл дүниеде жасаған амалдарына қиямет күні есеп береді.

42. ُ T Әл-Жәлилу - Биік, Үлкен, Өз ұлығында өте биік. Қадір-қасиетінде аса Ұлы.

43.ُ T Әл-Кариму - Құрметті, Мәрхамет иесі, ізгілік істеуші. Оның рахымында шек жоқ. Ізгілігі ешқашан таусылмас. Уәде берсе, толығымен орындайды.

44.ُ T Әр-Рақибу - Қараушы, Бақылаушы. Ол T әр нәрсені көріп, біліп тұрады. Ешнәрсе оның алдынан өтпей кетпейді.

45.ُ T Әл-Мужибу - Жауап беруші. Оған дұға етіп жалбарынған құлдарына жауап береді. Ол T жауап қайтаруда. Ол T адам баласы үшін не нәрсе пайда беретінін біледі. «Иә Мужибу дағуати тәммәти» деп дұға етілсе, Жауап беруші Хақ тағаланың жауап беруі сөзсіз.

46.ُ T Әл-Уасиғу - Қоршап алушы, толтырып салушы. Ол T Өз құлдарын ризықтармен бөлейді. Мәрхаметін тақуа құлдарына төгіп, байытады.

47.ُ T Әл-Хакиму - Даналық Иесі, қате жасаудан пәк. Қате жасау Оның даңқына келмейді. Ол әр нәрсені өз орнына қояды.

48.ُ T Әл-Уадуду - Ізгілік істеуші, Сүюші. Мақұлықтарын жақсы көреді. Сөйтіп, Ол T мәрхаметі, мейірімі және ризықтары арқылы Өзі туралы білдірттеді.

49.ُ T Әл-Мәжиду - Даңқты, Құрметті. Өз істерінде Көркем. Ол T дүниені ризықтарымен толтырады.

50.ُ T Әл-Бағису - Тірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір беруші. Өлілерді есеп беру үшін тірілтеді. Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді.

Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/4266/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

2 страница2 августа 2017, 05:34

Комментарии